Сделать свой сайт бесплатно

Реклама

Создай свой сайт в 3 клика и начни зарабатывать уже сегодня.

@ADVMAKER@
Құнанбай
26 Апреля 2013 | Опубликовано в Новости | Просмотры: | Комментарии: 1
туралы
Елорда сотында мемлекеттік тілге мән беріледі
08 Апреля 2013 | Опубликовано в Новости | Просмотры: | Комментарии: 0

Елорда сотында мемлекеттік тілге мән беріледі
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қалалық сотының құжат айналымына 2012 жылы 35623 құжат келіп түссе, оның 22537-сі, яғни 63,3 пайызы мемлекеттік тілде болды.

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 81 жыл!
17 Февраля 2013 | Опубликовано в Новости | Просмотры: | Комментарии: 0

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 81 жыл!


Жалғыздық пен мұң шарабына сылқия тойған сезім көк аспанға көтерілді де, көз ұшында мұнартып тұрып-тұрып, күллі әлемге "қош!" деді де, жоқ болды. Күмбез бауырында қалықтап аппақ із қалды...

Ол Мұқағали деген арда туған ақиық ақынның салған ізі болатын. Жүректен жүрекке жетіп, көңіл пернесін дөп басқан поэзияның салып кеткен өшпес таңбасы болатын...

Тағдырдың теперішін көріп, талқысын тартқан арда ақын сырларын өріп ақ қағазға тізе берді. Миллиондаған жырсүйер қазақтың бойтұмарындай болған қастерлі жырлар жабыққанда жұбаныш, құлағанда сүйеніш іспетті...

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

Сарылып сал-сері кеткен жер - деп жырлаған ақын ұлтын құлай сүйіп,

Сен менің сүйегім мен қанымдасың,

Жанымдасың, ұятым, арымдасың.

Саған деген махаббат дамылдасын,

Тек сенің топырағыңды жамылғасын! -деп елжіреді. Ұлтты сүйсең, Мұқағалидай сүй!..

Мәңгілік тақырып - махаббат тақырыбын қазақ поэзиясында соны биікке көтеріп кеткен де Мұқағали болатын. Іңкәр жүректің лүпілі сезілетін "Махаббат диалогы", "Аңса, жаным" секілді өлеңдері ыстық сезімнің өлеңмен өрілген символындай.



Бүгінде сәйгүлік ақынның туғанына 81 жыл толып отыр! Бүгін жүрегі қазақ деп соққан әр пенденің мерейлі мерекесі. Бүгін - поэзия тойы!
Қарасаз топырағынан нәр алған арда ақынның тойы құтты болсын! Рухани байлық сыйлаған рухты, отты, нәзік, мөлдір жырлардан сусындап өткен жамағат, ақынға деген құрметіміз өлеңге деген, өнерге деген құрметіміз, ақынға деген сыйымыз ерін ардақтап, төбесіне көтерген қалың қазаққа деген сыйымыз деп білейік... Поэзия тойы құтты болсын! massaget.kz

Сурет: ukkz.net, anatili.kz

31 қаңтар Аза тұту күні
31 Января 2013 | Опубликовано в Новости | Просмотры: | Комментарии: 0

Қазақстан

сурет baltinfosite.ru  сайтынан



30 қаңтар 11:21

31 қаңтар Аза тұту күні

Ертең, 31 қаңтар Қазақстанда аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жасаған үндеуінде 2013 жылдың 31 қаңтарын Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады», деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 29 қаңтарда, сағат 13.30-да Алматы қаласы әуежайына 5 км қалғанда «Көкшетау – Алматы» бағдары бойынша №760 әуе рейісін жасаған «Chellenger-200» ұшағы апатқа ұшырады.

Дереккөз: baq.kz